Маңғыстауда үш ауысымда білім беретін 15 мектеп бар

31 Тамыз 2021, 23:25
2125
Бөлісу:
Маңғыстауда үш ауысымда білім беретін 15 мектеп бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша 165 мектеп жұмысын бастайды. Білім ошақтарына 166 мыңға жуық оқушы барады. Оның ішінде бірінші сыныпқа 20 мың бала қабылданды. Маңғыстауда үш ауысымда оқитын 15 мектеп анықталып отыр, деп жазды inbusiness.kz.

Онда оқушылардың 4 мыңға жуығы оқиды деп болжануда.

Пәндердің бір бөлігі («Музыка», «Көркем еңбек», «Информатика», «Құқық негіздері», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері») онлайн форматта өткізілмек.

Ерекше жағдайларда, егер балалар аурудың ауыр түріне шалдыққан болып, дәрігерлердің ұсыныстары болса, ата-аналардың өтініші бойынша балалар үйде оқытылады.

Оқушылар тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) міндетті түрде мектепте тапсырады. Егер оқушы ТЖБ тапсыра алмаса, ол толық күндізгі оқытуға ауыстырылады.


Жаңа оқу жылында сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Мектептерде оқу процесі санитарлық талаптар қатаң түрде сақтай отырып, жүргізіледі. Сабақ кестелері санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады. Сондай-ақ мектепке кірер алдында дене қызулары өлшенеді, маскалық режим сақталады, кабинеттерді кварцтеу, желдету, дезинфекциялық жұмыстары жүргізіледі. Бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеу, бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарды араластырмау үшін әр уақытта берілетін үзілістер қарастырылады, ауысымдардың саны артады. Бір сынып бір кабинетте оқитын болады, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Светлана Тулебаева.
Мектептерде санитарлық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында 108 млн теңге. қаржыға дезинфекциялық құралдар сатып алынған.  Облыс бойынша педагогтардың 100%-ы, техникалық қызметкерлердің 96%-ы вакцина алды. Барлық оқушылар оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді. Осы мақсатта 2,3 млрд теңгеге қажетті оқулықтар сатып алынған.


Өзгелердің жаңалығы