Маңғыстауда табиғат қорғау заңнамасы 130 рет бұзылған

13 Қараша 2022, 17:22
2138
Бөлісу:
Маңғыстауда табиғат қорғау заңнамасы 130 рет бұзылған

20 қазаннан бастап Маңғыстау облысының аумағында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Операцияның 23 күнінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 130 дерегі анықталды

Оның ішінде 3 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 127 адам жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған аймақтық ПД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шаралар Маңғыстау облысында 19 қарашаға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы