Маңғыстау облысында қызының сабаққа бармағаны үшін әкесіне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 55 мың теңгеден асқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі жазды.
2024 жылы әкесінің 17 күн сабаққа себепсіз бармаған 15 жасар қызын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін орындай алмағаны хабарланды.
Бұл жағдай бір жылдың ішінде қайта жасалған. Бұған дейін де жасөспірімнің заңды өкілі осыған ұқсас оқиға үшін әкімшілік жазаға тартылған.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен іс қаралды.
Сот отырысында ата-ана өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, ең төменгі жазаны сұрады.
Соттың 2025 жылғы 21 қаңтардағы ұйғарымымен жауапкер кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 55 380 теңге айыппұл салынды (сома 2024 жылға 1 АЕК есепке алынып көрсетілген).