Маңғыстауда «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын көму жалғасуда

28 Қазан 2022, 04:09
1203
Бөлісу:
Маңғыстауда «Қошқар ата» қалдықтар қоймасын көму жалғасуда

Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қалдықтарын қоймасын рекультивациялау жұмыстары қарқынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір «Қошқар ата» көлінің 200 гектары қалпына келтірілді. Сондай-ақ топырақ төгу және қара сексеуіл егу 88,2 гектар жерге жүргізілуде. 

2021 жылы 266,2 гектар жерге рекультивациялау жұмысы жүргізілген болатын. Осы жылдың соңына дейін 335,9 гектар жер қайта қалпына келтіріледі деп жоспарланған. Ал 2023-2024 жылдары 1008,1 гектар жерге рекультивациялау жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.

Айта кетейік, қара сексеуіл – Маңғыстаудың қатал климатына төтеп бере алатын, тез тамыр жайып өсетін, құмды ұстап тұратын қасиеті бар жергілікті флорада кездестін ағаш. Ол әдетте құмды дауылдардан қорғау үшін отырғызылады.

Маңғыстауда сексеуіл 2016 жылы отырғызыла бастады. Қазіргі таңда Маңғыстау ауданының үш ауылы – Үштаған, Тұщықұдық, Шебір маңында 451,8 гектар алқапта сексеуілден жасыл оазис қалыптасқан. Ал 2022 жылдың соңына дейін мұндай ағаштарды Сенек ауылының айналасына отырғызу жоспарланған.

Сонымен қатар «Қошқар ата» қалдық қоймасының айналасында да сексеуілден жасыл қорғаныс аймағын құру жоспарлануда. Бұл жұмыс 2025 жылдың соңына дейін жасалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы