Биыл Маңғыстау облысында «Қазақ ауылы» жобасының ашылуы жоспарланып отыр. Бұл турады өкір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл маусым айында Түпқараған ауданындағы «Сартас» визит орталығының жанында «Қазақ ауылы» жобасының ашылуы жоспарланған. Сонымен қатар 2025 жылға дейін Ақтау қаласында және Қарақия ауданында 2 сапар орталығының құрылысын салу жоспарда бар, - деді өңір басшысы.
Ноғаевтың айтуынша, өңірде туризм саласы бойынша 2023-2025 жылдар кезеңінде мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 100 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру жоспарланған.
Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына мультипликативті оң серпін бере отырып, туристтердің қызығушылығын одан әрі арттырары сөзсіз, - деп түсіндірді ол ОКҚ-да.