Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

Бүгiн, 15:25
124
Бөлісу:
 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтауда Каспий теңізінде теңіз албыртын өсіруге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 «Organic Fish» компаниясының 11,9 млрд теңгелік бастамасы өңірдің балық шаруашылығы саласындағы жаңа серпін болмақ. Жоба толық қуатына шыққан кезде жылына 5 мың тоннаға дейін балық өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

Балық шаруашылығы өңірдің маңызды даму бағыттарының біріне айналып келеді. Соңғы жылдары Каспийдегі балық қорының азаюы мен инфрақұрылымның тозуы аквашаруашылықтың дамуын тежеген еді. Бұл жағдайды өзгерту үшін өңірде балық шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынған.

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда
Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда

Мамандардың айтуынша, Каспийдің табиғи жағдайы аквашаруашылықты қарқынды дамытуға өте қолайлы. Аталған салада 2025-2027 жылдары өңірде төрт ірі жоба іске асырылмақ.

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы іске асуда
Өзгелердің жаңалығы