Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінің оқушылары мен қызметкерлерінің жаппай улануына қатысты төтенше жағдай: Бұл жерге Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 10 негізгі және 2 қосымша бригадасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының 4-санатты шақыруларына қызмет көрсетудің 5 бригадасы жіберілді. Сонымен қатар медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары тартылды. Балалардың денсаулығына қатысты жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр", - делінген басылымда.
Бұған дейін, Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған.
Қазіргі уақытта іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінді.
Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Оның сөзінше, арнайы көлік тек бір науқасты тасымалдаған.