Маңғыстауда онкологиямен ауыратын науқастар саны артты

19 Шілде 2022, 00:18
1596
Бөлісу:
Маңғыстауда онкологиямен ауыратын науқастар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда жыл басынан бері онкологиялық аурулармен 491 науқас тіркелген. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті. Биыл бұл дертпен 150 адам қайтыс болса, былтыр 190 адам қайтыс болған.

Қазір әрбір төртінші науқастың дерті ерте кезде І стадияда анықталады. Бұл науқастардың өмірін ұзартуға көп септігін тигізеді.

Айта кететін жайт, бес және одан да көп жыл өмір сүретін сырқаттардың өсу динамикасы жыл сайын 5-6%-ды құрайды.

Қатерлі ісіктің I, II стадиясымен анықталған адамдар саны жыл басынан бері 263-ті құрады. Былтыр 228 болған еді. Көрсеткіш өсіп тұр. Дегенмен IV стадияда анықталған науқастар саны азайып отыр. Бұл дегеніміз, осы күні ауру ерте анықталады. Яғни адамдар дәрігерге ерте қаралады, – деді Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің басшысы Нұрлан Жариев.

Жалпы жыл басынан бері 16 мың 525 адам сүт безі обырын, 20 мыңдайы жатыр мойны ісігі бойынша скринингтік тексеруден өткен.

Сырқатпен күресуге өңірдегі онкодиспансердің 40-тан астам дәрігері жұмылдырылған. Оның 23-і жоғары квалификациялы еліміздің әр өңірінен шақыртумен істеп жатқан мамандар. Олардың 2-еуі медицина ғылымдарының докторы болса, 4 медицина ғылымдарының кандитаты. Сондай-ақ 11 дәрігер маман резидентурада оқып, өз білімдерін шыңдауда.

Жыл басынан бері 173 адамға сәулемен емдеу тағайындалса, 169 науқасқа ота жасалған.

Өзгелердің жаңалығы