Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды

19 Қыркүйек 2024, 12:03
257
Бөлісу:
Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары қорғалды
Фото: kapital.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасымен инватакси қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, мұқтаж адамдарға инватакси сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылған, бұл заң талаптарына сәйкес келмеді.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының, Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығының талаптарына сәйкес инватакси қызметтерін көрсету тек қана мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.

Алайда, уәкілетті орган бұл міндеттерді,талап етілетін рәсімдерді жүргізбей, коммуналдық мемлекеттік мекемесіне негізсіз жүктеген.

Прокуратура актісі бойынша инватаксидің жұмыс кестесі сәйкестендірілген. 

Қызметтер тәулік бойы, оның ішінде демалыс және мереке күндері қолжетімді болды, 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқықтары қорғалды.

Қосымша, қызмет алушылардың санаттарын кеңейту, сондай-ақ инватакси қызметтерін көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізу жоспарлануда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және аудандық бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар инватакси санын ұлғайту және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.

Өзгелердің жаңалығы