Маңғыстауда монополист компания цемент бағасын негізсіз шарықтатқан

7 Қыркүйек 2021, 17:17
6450
Бөлісу:
Маңғыстауда монополист компания цемент бағасын негізсіз шарықтатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысында орналасқан ірі цемент зауытының атына монополияға қарсы ден қою актісі енгізілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңір аумағында құрылыс материалдарын өндіру мен сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау және бағалау жүргізіліп, облыс бойынша цемент өндіру нарығында «КаспийЦемент» ЖШС монополиялық жағдайға ие екені анықталды.

Маңғыстауда монополист компания цемент бағасын негізсіз шарықтатқан

Жүргізілген кешенді іс-шаралар нәтижелері Серіктестіктің іс-әрекеттерінен үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен сипатталған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері байқалды.

Атап айтқанда Серіктестік тиісті цемент маркаларын дәстүрлі әдіспен өткізу кезінде әртүрлі бағаларды қолданғаны белгілі болды, оның әрекеті тиісті нарықта теріс әсер етуі мүмкін.Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің талаптарына сәйкес, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолданумен сипатталған, үстем жағдайды теріс пайдалану тыйым салынған, - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Маңғыстауда монополист компания цемент бағасын негізсіз шарықтатқан

Серіктестік батыс өңірлерінде жалғыз ғана цемент өндірушісі болғандықтан, оның осындай әрекетке жол беруі цементті өндіріп өткізу, сондай-ақ өзге де цементтен құралатын құрылыс материалдары нарығына едәуір әсер ететіні сөзсіз.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының монополияға қарсы органымен «КаспийЦемент» ЖШС мекенжайына орындалуы 30 күнтізбелік күнді құрайтын «Хабарлама» түріндегі монополияға қарсы ден қою актісі енгізілді.

Егер хабарлама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы органмен серіктестікке қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін болады, қорытындысы бойынша ірі айыппұл салумен монополиялық кіріс тәркіленуі мүмкін.

Бүгін де Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин құрылыс материалдарының 25 түрі бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады, оның ішінде 35 компания бағаның төмендеуімен: арматураға – 25%, цементке – 10%, бетонға – 10%, полиэтиленді құбырларға – 6%, кабельге – 5-тен 14% - ға дейін, кірпішке - 3%. және 10 тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Ол цемент, кірпіш, қиыршық тас, бетон және темір бетон бұйымдарын өндірушілермен және жеткізушілермен 10 монополияға қарсы комплаенс жасалғанын айтып еді.

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 шілдесінде өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті құрылыс материалдарына бағаның өсуін, оның ішінде өндірушілер мен құрылыс салушылар арасында ұзақмерзімді тікелей келісімшарттар жасасу жолымен тежеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы