Маңғыстауда қырылып жатқан жылқылар: 200 млн теңге бөлінеді

5 Маусым 2021, 13:25
3379
Бөлісу:
Маңғыстауда қырылып жатқан жылқылар:  200 млн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында шаруа қожалықтарына жем дайындау науқаны басталды. Бұл туралы Тumba.kz. хабарлады.

Ай сайын шілде айынан бастап жыл соңына дейін Маңғыстау облысының барлық бес ауданына 2200 тонна жем-шөп сатып алынады. Ал көрші өңірлердегі жеке кәсіпкерлер 15 маусымнан бастап жем-шөп жеткізіп беруге дайын, - деді Маңғыстау облысының әкімдігі. 

Нақтыланғандай, 200 млн теңгеден астам қаражат облыстық бюджеттен бөлінбек.

Сондай-ақ, жылқылардың бір бөлігі жайылымдарға жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында жылқылар аштан өліп жатқандығын жазған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы