Маңғыстауда ковидтік стационарлар жабылып жатыр

15 Қазан 2021, 13:27
2645
Бөлісу:
Маңғыстауда ковидтік стационарлар жабылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде облыстағы стационарлар саны 7-ге дейін қысқарған.

Шілде-тамыз айларында 15 стационар жұмыс істеді, оларға қосымша төсек-орындар қосылды. Ал бүгінгі таңда 7 стационар науқастарды қабылдап, ем жүргізуде. Жалпы 8-15 қазандағы көрсеткіш бойынша, 375 инфекциялық және 57 реанимациялық төсек-орында науқастар емделіп жатыр, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар ол өңірдегі аурушаңдық деңгейіне де тоқталып өтті.

Науқастардың 57,1%-ы Ақтау қаласына, 15,7%-ы Мұнайлы ауданына тиесілі. Қалған қалалар мен аудандарда аурушаңдық көрсеткіші төмен, - деді өз сөзінде Гүлмира Қалмұратова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстауда ревакцинация жұмыстары қашан басталатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы