Маңғыстауда «Кезби» мұнай-сервис компаниясының директоры 10 жылға сотталды

21 Мамыр 2025, 04:19
448
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның мердігері «Кезби» ЖШС директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, салықтан жалтарғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот үкіміне сәйкес, Кезбаевқа 10 жыл бойы мұнай-газ саласында басшылық лауазымдар атқаруға тыйым салынды. Оған қоса «ӨзенМұнайГаз» компаниясының пайдасына 321 миллион теңге өндіру туралы шешім шықты. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 миллиард теңге салық төлеу міндеттелді.

Еске салсақ, бұған дейін Кезбаевқа қатысты тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жолданғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы