ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал Мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды. Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.