Маңғыстауда экологиялық заңды бұзудың 97 дерегі анықталды – Төкенов

1 Ақпан 2022, 15:09
1844
Бөлісу:
Маңғыстауда  экологиялық заңды бұзудың  97 дерегі анықталды – Төкенов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов облыстық қоғамдық коммуникация орталығының ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты. 

Негізгі міндеттірінің бірі – бұл инспекциялық тексеру және мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу. Бұл бағытта департамент 2021 жылы мемлекеттік қызмет бойынша 904 өтінішті  қарап, оның 491-імен келісті және 353 келісімнен бас тартты, қалған 60 өтініш әлі  қаралып жатыр. Сондай-ақ 55 тексеру жүргізіліп, 97 экологиялық заң талабының бұзылу фактісі анықталды, - деді ол. 

Төкенов атағандай, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 79,0 млн теңгені құрайтын 64 әкімшілік істер қозғалды. 

Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген залал үшін жалпы сомасы 347,9 млн теңгені құрайтын 23 нұсқама берілді, олардың ішінде экологиялық заң талаптарын өрескел бұзған келесі табиғат пайдаланушыларды атап өтуге болады. Олар, «Тоталь Дунга ГмбХ» компаниясы – 141 283 040, «Кен Сары» ЖШС – 45 121 906 тенге.Жалпы соңғы үш жылдағы (2018-2021) экологиялық заңнама талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларға 154,0 млн теңге айыппұл және 3,4 млрд теңге қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы салынды.Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасады, - деді Руслан Төкенов. 

 

Өзгелердің жаңалығы