Маңғыстауда экологиялық қандай мәселелер ушығып тұр?

1 Ақпан 2022, 14:25
3686
Бөлісу:
Маңғыстауда экологиялық қандай мәселелер ушығып тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты. 

Бүгінде су ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы, тарихи ластанулар, қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмеуі және тағы басқа әлі де шешімін таппаған экологиялық мәселелер өңірде аз емес, - деді Төкенов.

Бас эколог Руслан Кәрімұлы өндірістік қалдықтарды жою және «тарихи» ластанған жерлерді утилизациялау мәселесіне тоқталды. 

Оның айтуынша, Кеңес одағы кезінде мұнай өндіру жұмыстары, оның жерге бақылаусыз төгілуімен жүзеге асырылып, салдарынан «тарихи» ластанған жерлер пайда болған. 

Жаңаөзен қаласы жанындағы құрамында мұнайы бар «Альбсеноман» бұрынғы техникалық су қоймасы, «МУ-3» және «МДАЦ» қоймасын жалпы аумағы 991,8 га жерді тазарту мақсатында 2015 жылы сот шешімімен аталған қалдықтарды иесіз деп танып, оны республикалық меншікке, яғни «Жасыл Даму» АҚ-на берілді. Өз кезегінде «Жасыл Даму» АҚ 2017 жылдың ақпан айында аталған қалдықтарды тазалау мақсатында «Эко-Ориентир» ЖШС-мен келісім-шартқа отырған. Осы жылдан бері жалпы 339,0 мың тонна, оның ішінде 76,9 мың тонна өткен жылы тазаланды. Нәтижесінде, қазіргі кезде, «МУ-3» учаскесі толық тазаланып, қалыпына келтірілді, «МДАЦ» 65% тазаланып, 50% қалыпына келтірілді, ал «Альбсеноман» бұрынғы техникалық су қоймасы 35% тазаланды, - деді Руслан Төкенов. 

Жұмыстар жоспар бойынша 2026 жылы бітеді және облыстық экология департаментінің бақылауында болады.

Өзгелердің жаңалығы