Маңғыстауда бірегей ірі құс фабрикасы іске қосылды

2 Маусым 2021, 19:47
1841
Бөлісу:
Маңғыстауда бірегей ірі құс фабрикасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шет елдерден тасымалдап келді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аймақ тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатынын ескерген жергілікті билік өкілдері облысқа құс етін шығаратын кәсіпорын ашуды қолға алды. Осылайша осы жылдың көктемінде Түпқараған ауданында алғаш рет бройлер тауығын өндіретін ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады.

«Ақтау Агро» ЖШС - Маңғыстау облысында құс етін өндіретін ең ірі және бірегей өндіріс ошағы болып табылады. Онда жылына 5 мың тонна тауық етін шығару жоспарланған. Аталған инвестициялық жоба өңірдің құс етіне деген қажеттілігін 50%-ға жабуға мүмкіндік береді. Бұл импортқа тәуелділікті екі есе азайтады деген сөз.

Жалпы жобаның құны 5,1 млрд теңге. Бұл соманың 30%-ы отандық инвесторлардың қаражаты есебінен, қалған бөлігін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырды. Аграрлық несие корпорациясы тарапынан қаржыландырылған сомма 3 573 млн теңгені құрады.

Бүгінгі таңда қарыз алушыға айналым қаражатын толтыру үшін «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 700 млн теңге сомасына кредиттік желі ашылды. Қалған 1 млрд теңге мөлшеріндегі қаражат жобаның барлық нысандары іске қосылғанда берілетін болады. Аграрлық несие корпорациясы әрдайым осындай жобаларды қолдауға және қаржыландыруға дайын екенін айтқым келеді. Мұндай ауқымды жобалар аймақтың экономикасын көретуге ықпал етеді, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау филиалының бас маманы Шахрияр Джафарзаде.

Айта кетсек, осы жылдың сәуір айында Маңғыстауға Ресейден 38,5 мыңға жуық инкубациялық жұмыртқа әкелініп, құс фабрикасы жанындағы инкубаторға жұмыртқалардың алғашқы партиясы салынды. Сол мөлшердегі екінші партия инкубаторға 16 күннен кейін тағы салынды. Осылайша бройлер тұқымының алғашқы балапандары сәуір айының соңында басылып шықты.

Өсіп-жетілген құстардың алғашқы партиясы 28 мамырда сою цехына жіберілді. Дайын салқындатылған өнім маусым айының соңында «Каспий құсы» брендімен дүкен сөрелеріне шығарылмақ.

Өнімнің орташа салмағы шамамен 1,5-2 кг құрайды, ал бағасы бір кг үшін 1200 теңге. Салқындатылған еттің басты ерекшелігі – ол бойындағы пайдалы дәрумендері мен микро және макроэлементтерін жоғалтпайды. Біз тауық етін шығарғаннан бастап, тұтынушыға жеткенге дейін сапасын бақылаймыз. Ал, білікті мамандарымыз сақтау мерзімін және температуралық режимінін қатаң қадағалап отырады, - дейді Тұргынов.

«Ақтау Агро» кешенінің өзі 3 алаңнан тұрады: инкубатор, 30 мыңнан астам құсқа арналған 16 қора және сағатына 2 мың құс союға қаухарлы цех. Бүгінде кәсіпорын бройлерді өсіруге қажетті барлық жабдықgен қамтылған. Оның ішінде өнімді жіті бақылайтын ветеринарлық зертхана да бар.

Құс фабрикасындағы ең күрделі процестің бірі - цехтың өндірістік жұмысы. Балапандар инкубатордан басылып шыққан кейін құс өсіретін орталыққа орналастырылады. Құстар қажетті деңгейге жеткенде сою цехына жібереді.   

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2018 жылдың шілде айында «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша жобаны 8% мөлшерлемемен 1 390 млн теңгеге қаржыландыру туралы шешім қабылдады. 2020 жылы жоба қайта қаралып, қосымша құс қораларын, мал сою цехын және құрама жем зауытын салу туралы шешімге келді. Мұндай бастамалар өңірдің өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау филиалының бас маманы Шахрияр Джафарзаде.

Айта кетсек, құс фабрикасымен қатар Мұнайлы ауданында қуаттылығы сағатына 10 мың тонна құрама жем шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл өндіріс тек құс фермасына қажетті жем шығарып қана қоймай, жергілікті мал шаруашылығы үшін де жем-шөп өндіреді деп жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысында құс фабрикасы сынды ірі инвестициялық жобалардың іске қосылуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары деңгейге көшкендігінің көрінісі. Бұл тек экономикалық өсу емес, әлеуметтік қамтылудың бір көрінісі. Өйткені тауық еті халық арасында үлкен сұранысқа ие. Тағы бір маңызды жайт - бұл отандық әрі жергілігті өнім. 

«Ақтау Агро» ЖШС директоры Данияр Тұрғыновтың айтуынша, құс шаруашылығы кешенін іске қосу өңірге 90-нан астам тұрақты жұмыс орнын ашып отыр. Олардың арасында Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Мұстахина Макулова да бар. Ол мал сою цехында жұмыс істейді.

Жұмыс өте қызықты, бірақ оңай емес. Өзіме ұнайды. Барлығымыз арнайы оқытудан өттік. Мұнда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Көлікпен тасымалдау , асхана тіпті жатақханаға дейін бар. Біздің өңірде осындай өндірістердің көп болғанын қалаймыз, - дейді Макулова.

Кәсіпорын директоырының айтуынша, Маңғыстау облысының атқарушы органдары жобаны жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсеткен. Жергілікті бюджет қаржысынан құс фабрикасының инфрақұрылымы салынды. Бұл мақсатқа 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы