Маңғыстауда балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі пысықталды

11 Қыркүйек 2021, 13:44
2499
Бөлісу:
Маңғыстауда балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында екі кезеңдік «Абайлаңыз-балалар» атты республикалық деңгейдегі жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында, Маңғыстау облысының аумағында екі кезеңдік «Абайлаңыз балалар» атты республикалық деңгейдегі жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Облыс көлемінде барлығы 169 мектеп орналасқан. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары мен оған іргелес аумақтарға жол қозғалысын ұйымдастырудың 146 техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырды.

Кемшіліктерді жою бойынша атқарушы органдарға барлығы 104 нұсқама жолданды.

Іс-шара аясында облыс көлемінде қосымша 137 жол белгісі ауыстырылып, 61 жаяу жүргінші өтпесі боялып, 49 жасанды кедергілер орнатылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның екінші кезеңін өткізу кезінде бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мектептерде жол жүрісі қауіпсіздігі тақырыбында профилактикалық сабақтар мен дәрістер, оның ішінде балалардың қатысуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысында, «Үздік мұғалім», «Жол жүрісі қозғалысының ең үздік сыныбы», «Ең үздік мектеп» атты конкурстар өткізілді. Көлік құралдарындағы жолаушы-балалардың қатысуымен болатын ЖКО профилактикасы және ескерту мақсатында «Сіздің жолаушыңыз – бала!» профилактикалық акциясы өткізілді.

Автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жадынамалар, жол тақырыбына жазылған балалар шығармаларын үлестіре отырып, «Қымбатты жолдас – жүргізуші!» насихат акциясы өткізілді. Мектептерді, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарын қосқанда полиция қызметкерлері ата-аналар, ұстаздар және оқушылармен барлығы бес мыңнан астам әңгімелер жүргізіп, дәрістер өткізді.



Өзгелердің жаңалығы