Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Бүгiн, 18:27
116
Бөлісу:
 Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
PHOTO
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып, аса өзекті мәселелердің бірі – ауыз су тапшылығы шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, өңірде бірнеше жылдар бойы мәселе болған ауыз су тапшылығын жою үшін Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытының екінші кезеңі іске қосылып, қуаты 20 мыңнан 40 мың текше метрге дейін артты. Сондай-ақ МАЭК аумағында 6 мың текше метр су тұщыту қондырғысы пайдалануға берілді. Кендірлі, Форт-Шевченко қалалары мен Құрық ауылында теңіз суын тұщытатын жаңа нысандар іске қосылды. Нәтижесінде биыл облыста ауыз су тапшылығы орын алған жоқ.

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

2028 жылға дейін бұл мәселені түбегейлі шешу үшін жалпы құны 114 млрд теңгені құрайтын үш ірі жоба жоспарланып отыр. Олар: «Каспий» зауытын тәулігіне 100 мың текше метрге дейін ұлғайту және МАЭК базасында кері-осмостық станция мен су тұщыту қондырғысын салу.

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ
Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

 

Өзгелердің жаңалығы