Маңғыстауда ауруханаішілік инфекцияның 18 дерегі анықталды

29 Қыркүйек 2022, 21:46
1217
Бөлісу:
Маңғыстауда ауруханаішілік инфекцияның 18 дерегі анықталды

Жыл басынан бері Маңғыстауда ауруханаішілік инфекцияның 18 дерегі анықталды, деп хабарлайды, BAQ.KZ.

Ауруханаішілік инфекциялар – бұл медициналық мекемелерде немесе денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарға қызмет көрсету кезінде бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды немесе паразиттерді тудыратын кез келген инфекциялық аурулар.

Мекемеде инфекциялық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау комиссиясы құрылады.

Ауруханаішілік инфекцияның алдын алудың басым бағыттары:

- медициналық мекемелерде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында АІИ бақылауды күшейту.

- халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту;

- медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жетілдіру.

Медициналық көмек көрсетуге байланысты ауруханаішілік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайы бойынша 2022 жылдың 8 айында Маңғыстау облысының аумағында ауруханаішілік инфекцияның 18 жағдайы тіркелді.

Ауруханаға жатқызылған 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш – 0,3% құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткішінің деңгейі 3 жағдайға өскендігі байқалды.

Өңірде құрсақішілік (ҚІ) инфекциялардың 22 жағдайы, оның ішінде: 8 жағдай – ҚІ пневмония, 10 жағдай –ҚІ сепсис, құрсақішілік басқа да - 4 жағдай   (3 везикулопустулез, 1  конъюнктивит) тіркелген.

Жаңа туған нәрестелердің құрсақішілік жұқтыру диагнозы АІИ бақылау жөніндегі комиссияның отырысында комиссиямен, қайтыс болған жаңа туған нәрестелерді – патологиялық-анатомиялық ашып қарау кезінде айқындалады.

Маңғыстау облысында барлық медициналық мекемелер санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында.

АІИ алдын алу кезінде бірқатар маңызды талаптар орындалуы тиіс:

- аурухана бөлімшелерінде АІИ-ға тұрақты бақылау жүргізу;

- ауырған науқастарды оқшаулау жөнінде әдістемелік нұсқаулық беру;

- асептикалық, санитариялық, жұқпалы ауруларды оқшаулау тәсілдерін тұрақты жетілдіріп отыру;

- медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бағдарламаның орындалуына ықпал жасау;

- қолды өңдеу және жуу ережелерін қатаң сақтау;

- зарарсыздандырылған қолғаптарды қолдану;

- зарарсыздандырылған материалдарды пайдалану.

Медициналық қызметкерлердің өзінің кәсіби міндеттерін атқару барысында санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режим талаптарын күнделікті, мұқият және мүлтіксіз орындауы АІИ алдын алу іс-шаралары тізбесінің негізін құрайды.

Өзгелердің жаңалығы