Астанадағы ботаникалық бақта ананас пен маракуя ағашы жеміс берді

29 Қыркүйек 2022, 21:23
2094
Бөлісу:
Астанадағы ботаникалық бақта ананас пен маракуя ағашы жеміс берді
VIDEO

Ал ананас үш жылда бір рет гүлдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сілтеме жасап. 

Тропикалық климаттан әкелінген цитрус жемістерін жылыжайда арнайы мамандар күтіп баптап отыр. 

 Астанада төрт мезгіл жаз орнаған бір мекен бар. Ол Ботанкикалық бақтың оранжериясы. Мұнда тропикалық өсімдіктер өседі. Бір қызығы биыл цитрустық жемістер дән бере бастапты, - дейді Айнұр Қуатқызы.

Мұнда тропикалық елдерден жеткізілген 360 түрлі өсімдік бар. Пальма ағашының 9-ға жуық түрі жайқалып тұр. Ал ботаникалық бақ ашылғалы оранжерияға егілген Голландия ананасы енді ғана гүлдеп жеміс берді. Апельсин, банан, кумкват және манго ағаштарының діні қатайып, жемістері молая бастаған. Цитрустардың ішінде Маракуя да биыл жемісін көрсетті. 

Әр өсімдікке бізде финологиялық күнтізбе бар. Сол арқылы өсімдіктің гүлдегенінен бастап жеміс бергеніне дейін әр күнін есептеледі. Ал дайын болған мысалы апельсинді алсақ. Гүлдегеннен толық пісуіне дейін 8 ай керек. Ал 6 айдан бастап сарғая бастайды,- кіші ғылыми қызметкер Зейнегүл Сәбитова.

Ботаникалық саябақта екі жылыжай бар. Оның бірінде тропикалық, екіншісінде шөлейтті өсімдіктер күтіп-бапталады. Ондағы суару жүйесі де, климаттық режим де бәрі мамандардың бақылауында.  

Бұл оранжерия тропикалық климатқа бейімделген. Ылғалдығы – 60 процент. Кейде 90 процентке дейін барады. Жазды күні температурасы 25 гр, қыста 18-20 гр түсірмейміз,-  Ботаникалық БАҚ қызметкері  Гүлгүл Тайжанова.

Ғылыми жылыжайда сирек көздесетін өсімдіктер көп. Әлем бойынша жойылып кету қаупі бар жасыл желектердің де түрін кездестіруге болады. Ал мұндағы мамандар экзотикалық жемістерді арнайы күнтізбе бойынша күтіп, бабын табады.

Өзгелердің жаңалығы