Маңғыстауда «Abish alemi» Халықаралық театр фестивалі басталды

20 Қыркүйек 2022, 19:00
1063
Бөлісу:
Маңғыстауда «Abish alemi» Халықаралық театр фестивалі басталды

19 қыркүйек күні Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының сахнасында Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінің желісі бойынша спектакль қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спектакль «Abish Alemi» II Халықаралық театр фестивалі аясында өтті.

Ұсынылған қойылым Ә.Кекілбаевтың «Күй» повесінің, сондай-ақ «Аңыздың ақыры» романының желісімен сахналанды.  Режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева. 

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақұштап Бақтыгереева, Самал Еслямова, Асхат Маемиров, Талғат Есеналиев, Қазақстанның халық әртістері Тұңғышбай Жаманқұлов, Бейбіт Бақтыгереев, Лидия Кәденова, сондай-ақ Башқұртстаннан келген Туймазы мемлекеттік татар драма театрының ұжымы қатысты.

Спектакльде ұлы мәртебелі өнердің адам санасын оята алатын құдіреті, оның көзқарасын өзгерте алатын күш-қуаты ашылады. Оқиға ықылым замандардан көршілес екі ел арасындағы өзара өшпенділік, дау мен кекшілдікті баяндайтын аңыз аясында өрбиді. Қойылымда қатігездіктің қара тасын жарып шыққан өнер гүлдерінің сұлулығы мен сыршылдығы, нәзіктігі мен өміршеңдігі, мейірімділігі мен қайсарлығы жан-жүректі еріксіз баурап, адамгершілігі мол әлемге жол нұсқайды.

Режиссердің айтуынша, іс - шара ұлттық руханиятты дамыту және достас елдердің театрлары арасында шығармашылық байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы