Маңғыстауда 6 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырады

16 Мамыр 2023, 11:33
1311
Бөлісу:
Маңғыстауда 6 мыңға жуық оқушы ҰБТ тапсырады
Фото: BAQ.KZ

Елімізде 18 мамыр мен 5 маусым аралығында мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тест өтеді, деп жазады BAQ. KZ тілшісі.

ҰБТ-да ұлттық академиялық адалдықты сақтау үшін «бір тестіленуші - бір компьютер - бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Барлық бейнебақылау жазылады, сараптамадан өтеді. Оқушыларды кіргізу барысында қол және металл іздегіштермен тексеріледі. Бұл шара балалардың қауіпсіздігі және тыйым салынған заттарды алып келмеу үшін жасалынады.  

Ұлттық бірыңғай тест – жоғары оқу орнына түсудің бір нысаны. ҰБТ 2021 жылдан бері аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіп келеді. Түлектер  үш пән, екі бейінді пән, барлығы бес пәннен тапсырады. Қазақстан тарихынан 20 сұрақ, оқу сауаттылығынан 15 сұрақ, математикалық сауаттылықтан 15 сұрақ, екі бейінді пәннен 35 сұрақтан барлық тест тапсырмасы 125 сұрақты құрайды. Максималды балл – 140. Талапкерге 4 сағат уақыт беріледі. Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында ҰБТ дайындық барысында талапкерлердің базасы жаңартылған байқау сынақтары тегін онлайн жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша 7414 мектеп бітіруші бар. Оның 6686 мемлекеттік мектеп, 351 жекеменшік мектеп, 377 кешкі мектеп оқушылары. Осы мектеп бітірушілердің алты мыңға жуығы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. 

Маңғыстау облысы бойынша 3 тестілеу пункті бар. Ақтау қаласындағы IT мектеп лицейі, Жаңаөзен қаласындағы №19 орта мектеп және Бейнеу ауданындағы Күйкен орта мектебі. Барлық пункт құрал-жабдықтармен жабдықталған. Биыл Маңғыстау облысының мектеп бітірушілеріне 1500 нысаналы грант бөлінді. Өткен оқу жылында өңірге 6 мың нысаналы грант берілген болатын. Биыл нысаналы гранттың азаюының себебін Маңғыстау облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Әлия Құлбаева: «Былтыр  2475 оқушы мемлекеттік грантқа ие болды. Оның 1021 нысаналы грант. Биыл былтырғы жағдай ескеріліп, 1500 нысаналы грант бөліну жоспарланып отыр. Азаю себебі: былтырғы  6000 грант ішінде шекті балды жинай алмайтын түлектер саны және шетелде оқитын талапкерлер ескерілмеген. Медицина, мұнай саласында нысаналы грант қарастырылмаған. Сол себепті 6 мың гранттың жартысын игеру мүмкіндік болған жоқ, – деп түсіндірді.   

Биыл шектік балдар өзгерген жоқ. Педогогикалық құқық және педогогикалық ғылымдар бойынша кемінде 75 балл жинау қажет. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету 70 балл, ауылшаруашылығы мен ветеринария 60 балл, ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа оқу орнына  50 балл жинау керек. Сондай-ақ, әр пән бойынша 5 балдан кем болмауы тиіс. Академиялы адалдықты сақтай отыра барлық бейнежазба жазылады әрі сақталады.  Ахуалды орталықта 31 қазанға дейін жазбаның бәрі қаралады. Егер ереже бұзған талапкерлер болса, олардың нәтижелері жойылады. 

Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы бойынша 100 дата, информатика пәні бойынша терминдердің тізімі және қазақ, орыс әдебиеті бойынша шығармалардың тізімдері жарияланады. Құрастырған сұрақтар қандай әдебиеттен алынды, тест жоспары жарияланып тұр. ҰБТ тапсырмалары стандартқа сай дайындалады. Жалпы ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында ЖОО ақылы негізде түсу үшін өтеді. Мамыр, маусым айларында оқушыларға екі мүмкіндік беріледі,– деді Ұлттық тестілеу орталығы Ақтау қаласындағы филиалының басшысы Маржан Шамиева.

Биылдан бастап  Yessenov University базасында неміс инженерлік оқуы ашылғалы отыр. Екі мамандық бойынша құжаттар қабылданады. Көлік логистика және электротехника энергетика  мамандықтары бойынша. Бұл баламалы энергетиканы тасымалдау және ҚР баламалы энергетиканы тасымалдауға үлкен ықпалын тигізеді. Талапкерлер қосымша ағылшын тілін тапсырады және эссе жазады. Оқуды бітіргеннен кейін 3 диплом алып шығады. 

1 маусымнан 25 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Шығамашылық емтиханға құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 7 шілдеге дейін жүргізіледі. 8-15 шілде аралығында шығармашылық емтихандар өтеді. Шығармашылық емтихан тапсыратындар неге 3 ЖОО таңдай алмайтын себебі: емтиханды өзі таңдаған ЖОО-да тапсырады. Сондықтан олар бір оқу орнын ғана таңдай алады, – деді Yessenov University қабылдау комиссиясының төрағасы Ерсайын Жалғасов.

ҰБТ нәтижесінің аттестат пен алтын белгіге қатысы жоқ. Ол бірнеше апробация мен сараптамалардан өтіп бекітіледі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға ҰБТ-да  40 минут уақыт қосылады. 

Мүмкіндігі шектеулі талапкерлер  өтініш берген кезінде денсаулығына байланысты өздерінің анықтамасын көрсетеді. Сол кезде көмекші сұралса, көмекші беріледі. Олардың тест сұрақтары сызбасыз, диаграммасыз келеді. Апелляция екі жағдайда қарастырылады. Мазмұнына қарай тестілеуді аяқтағаннан кейін 30 минут ішінде және техникалық себептерге  байланысты тестілеу барысында беріледі. Ұлттық тестілеу орталығында республикалық апелляция комиссиясы қарап, 30 жұмыс күн ішінде нәтижесі шығады. Конкурсқа өтініш бергеннен кейін  балалар жеке кабиенетінде көре алады. Оқушылар қаңтар, наурыз тестілеу тапсырғаннан барлық ережелерді біледі. ҰБТ тапсыруға өтініш берген кезде талапкер бейіндік пәнді көрсетеді. Екі мүмкіндікте де бір бейінді пәнді таңдау керек, – деді Ұлттық тестілеу орталығы Ақтау қаласындағы филиалының басшысы Маржан Шамиева.

Өзгелердің жаңалығы