Шаңды дауыл салдарынан Маңғыстауда 4 жүк көлігі мен 2 жеңіл көлік соқтығысты

29 Тамыз 2019, 17:13
2143
Бөлісу:
Шаңды дауыл салдарынан Маңғыстауда 4 жүк көлігі мен 2 жеңіл көлік соқтығысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанда қолайсыз ауа райы салдарынан бірден 6 көлік жол апатына түсті, деп хабарлады lada.kz.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты кезінде ешкім зардап шекпеген. 


"Жол-көлік оқиғасы Бейнеу ауылының жанында болған. Ауа райының нашарлауына байланысты жолды көру мүмкін болмаған. Салдарынан 6 көлік бір-бірімен соқтығысып қалған", - делінген хабарламада. 

Полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. 

Аталған фактіге сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.
 

Өзгелердің жаңалығы