Маңғыстау сот орындаушылары үш күнде 3 борышкерден 5 миллионға жуық алимент өндірді

2 Мамыр 2021, 05:25
1335
Бөлісу:
Маңғыстау сот орындаушылары үш күнде 3 борышкерден 5 миллионға жуық алимент өндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында алименттер, айыппұлдар мен салықтар бойынша қарыздарды жинау бойынша рейдтік іс-шаралары сәуірдің басынан басталып, соңғы үш күнде үш алимент борышкерінен 5 миллионға жуық теңге өндірілді.

Айыппұл автотұрағына тағы екі көлік орналастырылды. Көлік иелерінің мемлекет алдындағы жалпы қарызы 3 миллион теңгені құрайды.

Ал Павлодарда атында ешбір мүлкі жоқ алимент борышкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу мен 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.

Бірнеше жыл ішінде баласына әкімшілік жазадан құтылу үшін бір рет 50 000 теңге алимент төлеген. Павлодар облысы өңірлік палатасының мәліметінше, ер адам бұрынғы әйелі мен сот орындаушысынан 6 жыл бойына табысын жасырған. Маусым бойынша ол шаруа қожалықтарының бірінде механизатор болып жұмыс істеп, 60000 теңге жалақы алып жүрген.


Өзгелердің жаңалығы