Маңғыстау прокуратурасы Конституция күнін тойлады

29 Тамыз 2022, 15:39
1149
Бөлісу:
Маңғыстау прокуратурасы Конституция күнін тойлады

Маңғыстау облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Мерекелік шараға облыс прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. 

Іс-шараны ашқан облыс прокуроры Руфат Құттықов қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Негізгі Заңның мемлекетте, қоғамның және әрбір азаматтың өміріндегі рөлін атап өтті.

Бұл мереке біздің егемен мемлекетіміз үшін ерекше маңызға ие. Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, - деп атап өтті облыс прокуроры.

 Сондай-ақ, прокуратура органдарының ардагерлері Шымбай Сұлтанов пен Надежда Кужинская құттықтап, тілегін білдірді.

 Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында ерекше көзге түскен жас қызметкерлердің ата-аналарына салтанатты түрде алғыс хаттар, қызметкерлерге естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды. Жаңадан қабылданған прокуратура қызметкерлері ант қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы