Маңғыстау облысының оқушылары 3-тоқсанда жаңа форматта оқитын болады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.</h4> <br>

 8 Қаңтар 2021 2021, 17:33
8 Қаңтар 2021 2021, 17:33
2101

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Маңғыстау облысының оқушылары мен студенттері 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан/екінші семестрінен бастап ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ұсыныстарына сәйкес жаңа форматта оқитын болады:

- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беру мектептерінде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда, кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етілді;

- 9, 11 (12) сыныптарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту енгізілді. Пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан оқытылады;

- 5 оқушыға дейінгі топтарда жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілді;

- ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 1 курс студенттеріне аралас оқыту форматында оқытуға рұқсат етілді. 

Наверх