Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

9 Мамыр 2021, 19:49
3592
Бөлісу:
Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Бисен Боқаев – 97 жаста. Қазір қарт майдангер жұбайы Оғылхан әжеймен бірге 26 немере, 26 шөбере сүйіп отыр. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі С.Трұмов Отан үшін от кешкен майдангерді Ұлы жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтады. Ардагерге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен жарқын болашақты құруға атсалысқаны үшін алғысын айтты. 

Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғаныңыз үшін алғысымыз шексіз. Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда жеткен барлық жетістіктерінің артында Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз тұр. Біз мұны мәңгі есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз. Сізге мықты денсаулық, бақуатты тірлік, отбасыңызға амандық тілеймін!, - деді Трұмов. 

Майдангер мереке күні құттықтай келген облыс әкіміне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой мен табыс тіледі. 

Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

Бисен Боқаев 1923 жылы туған. Әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, 1944 жылға дейін шекара әскерлерінде қызмет атқарды. 1944 жылдың сәуір айында II Украина майданында соғысты, Яссы-Кишинев операциясына және Бессарабия мен Румынияны азат ету ұрыстарына қатысты. Елге 1949 жылы оралды.

Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

«Қызыл Жұлдыз», ІІ - дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

Мереке күні Бисен Боқаевпен қатар Ақтауда тұратын соғыс ардагерлеріне тосын сый жасалды. Үрмелі аспаптар оркестрі қарт майдангерлердің үйлерінің ауласына барып, жеңіс әндерін шырқады. 

Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагері Бисен Боқаевтың шаңырағында болды

Бүгінде Маңғыстау облысында алты ардагер Ұлы жеңістің жетпіс алтыншы көктемін қарсы алып отыр. Әрқайсына 1 млн теңгеден табысталды. Сонымен қатар мерекелік сыйақы соғыс жылдары Отан үшін мінсіз қызмет етіп, тылда тер төккен азаматтарға да берілді.

Өзгелердің жаңалығы