Маңғыстау облысындағы заңсыз көші-қон туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді

17 Мамыр 2025, 18:30
524
Бөлісу:
 Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

«Азаматтарға арналған үкімет» заңсыз көші-қонға қатысты деректер бойынша түсініктеме берді, BAQ.KZ.

Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Маңғыстау облысында заңсыз көші-қон арнасы анықталғаны туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ресми түсініктеме ұсынды.

Мекеменің мәліметінше, ішкі мониторинг барысында құжаттарды рәсімдеуге қатысты күмәнді жағдайлар тіркеліп, Қауіпсіздік қызметі қызметтік тексеру жүргізген. Нәтижесінде заңсыз әрекеттердің белгілері анықталып, барлық материалдар қосымша тергеу үшін облыстық полиция департаментіне жолданған.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік корпорация өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» ішкі қауіпсіздік бағытында жүйелі жұмыс атқарады. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жолданатыны атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы