Маңғыстау облысындағы үкіметтік комиссия жұмысын елордада жалғастырады

8 Қаңтар 2022, 17:08
988
Бөлісу:
Маңғыстау облысындағы үкіметтік комиссия жұмысын елордада жалғастырады

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық штабпен және бастама топтарымен кездесу барысында Үкіметтік комиссия диалог кезінде біршама маңызды сұрақтар шешіліп, Қазақстан Республикасының Үкіметі оларды жүзеге асыруға көшкенін атап өтті. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар аймақ тұрғындарының әлеуметтік сұрақтарын шешу бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің м. а. қатаң бақылауында тұр.

Бұдан әрі Үкіметтік комисссия өз жұмысын Нұр-Сұлтан қаласында әрі қарай жалғастырып, келіссөздердің орындалуын қатаң бақылауда ұстайтын болады.

Комиссия Маңғыстау облысының тұрғындарына және бастамашыл топтың мүшелеріне шыдамдылық танытқандығы және қойылған мәселелерді конструктивті шешуге атсалысқандығы үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар комиссия аймақта тәртіптің сақталуы үшін төтенше жағдай кезінде барлық талаптарды ұстануға және түсіністік танытуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы