Маңғыстау облысында жол құрылысының маманы тапшы

16 Наурыз 2023, 00:15
779
Бөлісу:
Маңғыстау облысында жол құрылысының маманы тапшы
Фото: 24.kz

Маңғыстау облысында жол құрылысының қыр-сырын білетін кәсіби маман тапшы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкердің дені басқа салада оқыған. Әсіресе, аудандарда мердігер компанияларға талап қоя білетін жан жоқтың қасы деуге болады. Олқылықты түзету үшін Ақтауда біліктілік арттыру шарасы өткізілді. 

Ақтаудағы зертханада өңір жолдарының жай-күйін бақылау жасалады. Жол инженерлері трассадан, көшелерден сынама алып келеді. Құрамындағы қиыршық тас, асфальт-бетонды қоспаның талапқа сәйкестігін тексереді. Кемшілік тапса, мердігер мекемелер өз қаржысына түзетеді. Ал жергілікті әкімдіктерде оларды жөнге салатын кәсіби маман тапшы. Мәселен, Бейнеу ауданындағы бөлімде 6 адам жұмыс істейді. олардың тек екеуі ғана жол саласында оқыған. 

Бірлесіп жұмыс істеп келе жатырмыз, сараптама арқылы. Бұдан былай орташа жөндеу жұмыстарына да ведомстволық сараптама алып отырамыз енді. Жұмысымызды жеңілдетіп жатыр, қазір портал арқылы жіберіп. Қазір қағаз азайды. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесінде 10 қызметкер бар. Мемлекеттік бөлім басшысының айтуынша, жас мамандардың университеттен алған білімін жетілдіруіне бүгінгідей шараның қосар үлесі мол, – деді «Бейнеу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ бас маманы Руслан Ұлықбанов.

Жол саласын оқыған мамандарымыз бар. Қазіргі таңда жаңа техникалар шығуына байланысты оқу кезінде болған техникалар жаңарды, соған сай біз көзбен көріп, қалай жасайтынын анықтап, жеткізіп жатыр мамандар. Біліктілікті үнемі арттыру керек, – дейді "Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ басшысы Асхат Нұрмұхан.

Сондай-ақ Ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы ендігі кезекте ұлттық орталық қызметкерлері барлық елді мекенде жолдарды орташа жөндеу бойынша жобаларға сараптама жасалатынын айтты.

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған танымдық дәрістерді былтырдан бері өткізіп келеміз. Ведомстволық сараптама жасау жұмыстарын іс жүзінде көрсетіп, мердігерлерге дұрыс талап қоя білу жолдарын айтып жүрміз. Биыл қаңтарда мемлекет басшысы «Автомобиль жолдары» туралы заңға өзгеріс енгізуге қатысты құжатқа  қол қойған болатын. Ендігі кезекте ұлттық орталық қызметкерлері барлық елді мекенде жолдарды орташа жөндеу бойынша жобаларға сараптама жасайды. «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін электрондық портал құрылды, – деді Ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы Бейбіт Иманғалиев.

Аталған портал елімізде 2022 жылы іске қосылған. Платформаға кіру баршаға қолжетімді. Мұнда жол құрылысы жобасының қандай деңгейде тұрғаны, оған бөлінген қаржы, мердігер мекеме атауы тағы басқа да мәліметтер көрсетілген. Сапа орталығының мамандары аймақтарға сапарында мемлекеттік қызметшілерге порталда жұмыс істеу ережесін түсіндіріп жүр.

Өзгелердің жаңалығы