Маңғыстау облысында үш күнде 200-ден астам заңсыз мигрант анықталды

24 Маусым 2023, 07:48
619
Бөлісу:
Маңғыстау облысында үш күнде 200-ден астам заңсыз мигрант анықталды
Фото: архив

Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 200-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы үш күнінде көші-қон қызметкерлері 319 әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады, - деп атап өтті өңірдің полиция департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, 248 шетелдік азамат жауапқа тартылған.

Қазақстанның 64 азаматына шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке не заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар ережелерді елемей, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жеті құқық бұзушы анықталды, - деп толықтырды полиция.

Сондай-ақ департаменттің баспасөз қызметі сот Қазақстаннан шығару туралы 17 үкім шығарғандығын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы