Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

4 Қаңтар 2022, 14:07
1673
Бөлісу:
Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты. 

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Өзгелердің жаңалығы