Маңғыстау облысында суға батып кеткен ер адам екі күннен бері табылмай жатыр

30 Қаңтар 2022, 16:20
1348
Бөлісу:
Маңғыстау облысында суға батып кеткен ер адам екі күннен бері табылмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері волонтерлармен бірге суға батып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

1964 жылғы ер адам 29 қаңтарда "Алау" демалыс базасында суға батып кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, 30 қаңтарда іздестіру-құтқару жұмыстарына алты сүңгуірді қоса алғанда, жеке құрамның 62 адамы жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары үшін Маңғыстау облысы ТЖД төрт қайық пен төрт техниканы шығарды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың 5 жүзу құралы және ҚР ҰҚК ШҚ-дан бір кеме қосымша тартылды. Одан бөлек 15 волонтер көмектесіп жатыр. Іздеу жұмыстары су астында да, теңіз жағалауында да жүргізілуде - деді Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Райымбек Тұманғалиев

Өзгелердің жаңалығы