Маңғыстау облысында шөп 17 мың теңгеден сатылуда

16 Маусым 2021, 23:45
1886
Бөлісу:
Маңғыстау облысында шөп 17 мың теңгеден сатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысының фермерлері арадағы делдалдарға байланысты басқа өңірден жеткізілетін мал азығына қол жеткізе алмай отыр. 

Nege сайтының мәліметінше, оған себеп – бағаның шарықтап кетуі. Мысалы, бір бума шөптің бағасы – 17 мың теңге, бұл елдегі орташа бағадан төрт есе қымбат.

Бұл аймақтарда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін, бұл бастаманы бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары көтерді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында 2 мыңға жуық бас ірі-қара аштан қырылған.

Депутаттар министрлер кабинетін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы