Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзен қаласындағы коммуналдық мекеменің бірінде жарты миллиард теңгеден астам қаржы қолды болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Прокуратура 3 жылғы бюджеттің жұмсалуын тексерген кезде осыны анықтады.
Атап айтсақ, 2019 жылдан бері шенеуніктер 637 миллион теңгені жымқырған.
2022 жылдың 2-тоқсанында Жаңаөзен прокуратурасымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Өзен инвестте» бірқатар тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда көптеген қаржылық құжаттарды зерделеу барысында осы мекеменің лауазымды тұлғаларымен 640 млн-ға жуық ақша талан-таражға салынған. Осы мекеменің 9 қызметкеріне өздерінің жалақыларынан жоғары көлемде қаражат аударған. Одан басқа бірнеше бизнес субьектілеріне тиісті жұмыстың атқарылғаны жөнінде актілер жасақтамай, құжаттар жасақтамай, мемлекеттің ақшасын жымқыру, талан-таражға салу барысында қаражаттардың заңсыз аударылғаны анықталды, – деді облыс прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағанбетов.