Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнда 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бос уақытын өткізіп, теңізге шомылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауыр дертпен күресіп, балалық шақтың тәтті дәмін сезіне қоймаған балалар жаңадан ашылған жағажайда өзі қатарластарымен бас қосып, уақыттарын көңілді өткізгендеріне қуанышты. Олардың арасында Салтанат Айжанақованың 18 жастағы қызы да бар. Ол мұндай демалыс орнының мүлдем жоқтығын айтады.
Сурет салдырады. Осы жерде арқайын сезінеді. Қолжетімді лагерь жоқ, ата-анаға ақша қылып, балаға тегін қылса, барар едік. Бірақ жоқ. Мұндай жердің ашылғанына қуаныштымыз, – дейді ата-ана Салтанат Айжанақова.
Мұнда күніне 10 оқушы демалады. Жарты ай ішінде өңірдегі 5 ауданнан 200-ден аса бүлдіршін келді. Даун синдромына шалдыққан, психикалық ауытқуы бар бүлдіршіндер өз шығармашылықтарын дамытып,ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік алады. Әртүрлі шеберлік сабақтары өтеді. Арбаға таңылған балалар үшін арнайы жабдықтар алынды, – дейді қоғамдық қор басшысы Лаура Асырова.Теңіз жағалауындағы лагерьден бөлек, өңірде мектеп жанынан ашылған 64 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Соның бірі – Мұнайлыдағы №4 білім ордасы жанынан ашылған лагерь 2 маусымда 300 өренді қабылдаған. Мұнда тәрбиешілердің барлығы вакцина салдырған. Эпидахуалға байланысты лагерьге бөгде адамдар мен ата-аналардың кіруіне тыйым салынған.
Ауданда 6 мектепте ұйымдастырылды, бюджеттен 107 млн бөлінді. 2500 бала қамтылады. Лагерь 3 кезеңге бөлінеді. Әрқайсында 150 бала қамтылған. Карантин жағдайына байланысты қазіргі таңда демалыс лагерьлерінің қызметкерлері толықтай, лагерь басшысынан бастап тәрбиешілері вакцина алып, 1,2 компенентін алып, сонымен қатар вакцина паспорты бар, – дейді Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлы.
Сондай-ақ қала сыртындағы «Балдәурен» лагері де жұмыс істеп тұр.
Онда оқушылардан да, тәрбиешілерден де ПЦР-тесті сұралады, – дейді білім басқармасындағылар.