Маңғыстау облысында карантин режимі күшейтілді

13 Қазан 2020, 00:08
2097
Бөлісу:
Маңғыстау облысында карантин режимі күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтіледі. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады.

Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Спорт нысандары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.

Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі. Көпшілік жерлерде маска тағу және арақашықтық сақтау маңызды! - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы