Маңғыстау облысында фактчекинг Telegram каналы іске қосылды

20 Қыркүйек 2021, 18:10
1457
Бөлісу:
Маңғыстау облысында фактчекинг Telegram каналы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында фактчекинг және ақпаратты тексеру үшін Telegram каналы іске қосылды.

«STOPfake Mangystau» Telegram каналының міндеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпаратты талдау және тексеру, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.

Бұл ақпараттық арнада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын жалған ақпараттар мұқият талдау мен факт-чекингтен өтіп жарияланатын болады.

Ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін тұрғындар «STOPfake Mangystau»  арнасын пайдалана алады. Ол үшін ол Telegram қосымшасы арқылы ақпараттық арнаға тіркелуі тиіс.

Егер қандай да бір ақпарат күмән тудырса, кез келген тұрғын Telegram бот- қа осы сілтеме бойынша өтінім жіберу арқылы ақпараттың дұрыстығын тексере алады: https://t.me/stop_fake_mangystau_bot «STOPfake Mangystau» телеграм-арнасына сілтеме: https://t.me/stopfakemangystau, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы