Маңғыстау облысында ер адам 24 млн теңге ұрлаған

19 Наурыз 2022, 23:30
1240
Бөлісу:
Маңғыстау облысында ер адам 24 млн теңге ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Маңғыстау облысында жер үйден 24 миллион теңге сақтаулы тұрған сейф ұрланды. Жергілікті полиция қарақшылық шабуыл жасаған бірнеше күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Боранкөл ауылында 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында қара маска таққан белгісіз адам үйге заңсыз кірген. Ер адам кәмелетке толмаған баланы пышақпен қорқытып, металл сейфті ұрлаған. Оның ішінде 24 065 000 теңге ақша, ұялы телефон және алтын бұйымдар сақталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар үш күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы