Қызылорда облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

10 Шілде 2019, 17:59
1661
Бөлісу:
Қызылорда облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

11 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 43°С қатты ыстық күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.

"11 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде түнде найзағай, күндіз қатты ыстық 38 градус күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%", - делінген ведомство хабарламасында.

Күндіз 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 12 шілдеде кей жерде 38 градус қатты ыстық күтіледі.               

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.


Өзгелердің жаңалығы