Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

27 Желтоқсан 2023, 10:16
434
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды
Фото: Үстірт мемлекеттік табиғи резерваты

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды. Экологтар құстардың жаппай қырылу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының хабарлауынша, өлі аққуларды 21 желтоқсан күні қызметкерлер тауып алған.

Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

InAktau-дың мәліметіне қарағанда, оқиға орнына барған резерват мамандары өлген құстардан сынама алып, қазір аққулардың өлу себептерін анықтау үшін зертханада қажетті зерттеулер жүргізіп жатыр.

Қорық қызметкерлері аққулардың өлгені туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы