Маңғыстау облысында 229 мұғалім тапшы

27 Маусым 2022, 08:25
1476
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 229 мұғалім тапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына мұғалімдер тапшылығын азайту үшін басқа өңірлерден шақырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24.

Білім басқармасының мәліметінше, алдымен облысқа келіп, жұмыс істеуге ниет білдіргендер іріктеліп алынады. Яғни арнайы комиссия құрылып, үздіктер таңдалады. Қазір конкурс жарияланған. Үміт еткен мұғалімдерден құжат қабылдау жүріп жатыр. Әзірге 13 өтініш келіп түскен. Педагогтер де оқушылар сияқты тест тапсырып, эссе жазады. Соңғы шешім әңгімелесуден кейін қабылданады. Таңдаудан өткендер өңірде жайлы жүмыс істеу үшін үй-жаймен, жақсы айлықпен қамтылады. Ресми мәлімет бойынша Маңғыстау облысында 229 мұғалім жетіспейді. Әсіресе орыс тілін оқытатын ұстаз тапшы.

Бұл конкурсқа еліміздің барлық өңіріндегі жоғары білімі бар педагог-сарапшы, педагог-зертеуші, біліктілігі бар, педагогика мамандығы бойынша аяқтаған жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады. Арнайы пакетте яғни, Маңғыстау облысына келген кезде ауылдық мектепке Ақтау қаласы, Шетпе ауылы, Бейнеу ауылы секілді тұрғын үйдің ақысы да енгізілген, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұмашева.

Өзгелердің жаңалығы