Маңғыстау облысында 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

15 Қыркүйек 2022, 14:18
1318
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

 Маңғыстау облысында браконьерлерден жыл басынан 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2022 жыл бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 39 дерегі тіркелді. Атап айтқанда, өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша – 30 қылмыс, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу дерегіне сәйкес 7 қылмыс тіркелді», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар қару, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша 1 факті анықталған.

Жыл басынан 241 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы