Маңғыстау облысына коронавирус вакцинасының 10 мыңнан артық дозасы жеткізілді

4 Сәуір 2021, 06:51
1465
Бөлісу:
Маңғыстау облысына коронавирус вакцинасының 10 мыңнан артық дозасы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына коронавирус вакцинасының 10 600 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оның 1 000 дозасы Бейнеу ауданына беріледі.
Бізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинамен жұмыс істеу тәжірибесі бар. СОVID-19 инфекциясының алдын алу үшін вакцинаны сақтау, есепке алу үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, бүгінде барлық екпе алғандар өзін жақсы сезінеді. Теріс нәтиже байқалмады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және лицензиялау бөлімінің бас маманы Мөлдір Қадылбекова.

Өзгелердің жаңалығы