Маңғыстау облысы туристік аймақтардың үздік ондығына кірді

31 Қаңтар 2021, 21:41
3749
Бөлісу:
Маңғыстау облысы туристік аймақтардың үздік ондығына кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде туризмді дамыту — экономиканың басым бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы республиканың перспективалық туристік аймақтарының топ-10 қатарына кірді. Бұл туралы government.kz сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта өңірдегі туризмнің перспективалы бағыттарының бірі Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі учаскелерде теңіз курортын, жағажай туризмін дамыту болып айқындалған. 

Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлінеді және өңірдің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. 

ҚР Үкіметінің қолдауымен Ақтау қаласының «Жылы жағажай» ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстардың 1-кезеңі аяқталды (құрылыстың жалпы сомасы 17 млрд теңге, 31 км – жол, 10,5 км –  электр энергиясы, 58 км – газ, 56 км – су құбыры желілері). 

2020 жылы орналастыру орындарының (қонақ үйлердің) мәліметтері бойынша қызмет көрсетілген келушілердің саны 178 мың адамды құрайды, 93 орналастыру орны тіркелген, туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 71,8 млрд теңгені, орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 3,3 млрд теңгені құрады (ресми статистикалық деректер 2021 жылғы наурызда жарияланады). 

2020 жылдың шілдесінде «Aktau Tourism City Ltd» компаниясы жобасының 1-кезеңі іске қосылды. «Rixos Water World Aktau» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешені (инвестиция көлемі – 68 млрд теңге; 2020 жылдың қорытындысы бойынша қонақ үйге 78 518 мың адам келді (2021 жылдың 23 қаңтарындағы жағдай бойынша – 4 701 адам); 600-ден астам адам жұмысқа орналастырылды, ШОБ субъектілерімен 140-тан астам келісімшарт жасалды).  

Сонымен қатар 2020 жылдың тамыз айында Ақтау Холидей ИНН бассейні мен аквапарк құрылысының жобасы іске қосылды (жобаның құны 1,6 млрд теңгені құрады және 50 жаңа жұмыс орны құрылды).

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен курорттық аймақты дамытудың инженерлік-көліктік инфрақұрылымының 2 кезеңін дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің 2020 жылғы қарашадағы сапары аясында курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі басталды, оның шеңберінде екі жыл ішінде Тетис Интернэшнл Хаб LTD (тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда орталығы, қонақ үйлер), БиАй Груп (виллалар мен апартаменттер кешенінің құрылысы) және «Bazis-A» корпорациясының (Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы) ірі жобаларын іске асыру көзделген. Қазіргі уақытта инвесторлармен жобалау-іздестіру жұмыстары жалғасуда, құрылыс кезінде энергия ресурстарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін техникалық шарттар алынды. 

Жалпы, өңірдегі туризм саласы бойынша 2021-2024 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 490 млрд теңгеден асатын, 2500 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 12 жобаны іске асыру жоспарланған. 

1. Кешен құрылысы (тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда орталығы, қонақ үйлер), Tethys International HUB LTD (1-кезең – 202,8 млрд теңге, 2-кезең – 113,9 млрд теңге, 1800 жұмыс орны, 2021 жылғы 3-тоқсанда 1-кезең, 2022 жылы 2-кезең). 

2. Қарақия ауданында Safari Hotel қонақ үй кешенімен «Визит-орталық» салу. TETHYS INTERNATIONAL HUB LTD жеке компаниясы (жобаның құны – 38,6 млрд теңге, 200 жұмыс орны, 2021 жылдың 4 тоқсанында іске қосу). 

3. Виллалар мен апартаменттер кешені құрылысы, BI Group (жобаның құны – 47 млрд теңге, 80 жаңа жұмыс орны, пайдалануға беру – маусым 2021 ж.); 

4. BI Property компаниясы Double Tree by Hilton 4* қонақ үй кешенінің құрылысы (жобаның құны – 22 млрд теңге, 110 жаңа жұмыс орны, пайдалануға беру – 2022 ж.); 

5. Aqualina Resort курорттық-қонақ үй кешенінің құрылысы, Bazis-A корпорациясы (жобаның құны 28 млрд теңге, 80 жұмыс орны, 2021 жылдың 3 тоқсанында 1 кезеңді іске қосу, 2022 жылы 2 кезеңді іске қосу). 

6. Ақтау қаласындағы «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту — «Достар Компани ЛТД» ЖШС (жобаның құны 400 млн теңге, 20 жұмыс орны, 2-ші жартыжылдық); 

7. Түпқараған ауданында «Сартас» визит-орталығының, «Нефтемаш» КЗ» ЖШС құрылысы (жобаның құны – 248 млн теңге, 40 жұмыс орны, 2-тоқсан). 

8. Фламинго Резорт демалыс базасы. «Фламинго» ЖШС (жобаның құны – 12,9 млрд теңге, жұмыс орындары – 290, іске асыру кезеңі – 2020-2022 жылдар). 

9. «Нұр» сауықтыру кешені. «СКР-Снаб» ЖШС. (құны – 9,5 млрд теңге, жұмыс орындары – 240, іске асыру кезеңі – 2019-2021 жылдар). 

10. Assyl Aktau қонақ үйі. «Assyl Aktau» ЖШС. (Жоба құны – 6 млрд теңге, жұмыс орны – 130. Іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар). 

11. Seaside Palace демалыс аймағы. «Каспиан Инвест Групп» ЖШС (құны – 2,1 млрд теңге. Жұмыс орны – 90. іске асыру мерзімі – 2020-2022 жылдар). 

12. Ақтау қ. «Жылы жағажай» ауданында сауықтыру кешенін салу және пайдалану, «Aktauborproduct» ЖШС (жобаның құны – 2 млрд теңге, жұмыс орындары – 55. Іске асыру мерзімі – 2021-2024 жылдар).

Қарақия, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының туристік объектілеріне апаратын сервистік орындарды 12 санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылған.  

Бірегей бренд-бук, логотип әзірленді, visitmangystau.kz сайты іске қосылды, қалалық автобустар мен аялдамалар бірдей стильде безендірілген. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының туристері үшін жолсілтеме, карта жасалды.

Өзгелердің жаңалығы