Маңғыстау облысы: Радиоактивті қалдықтарға арналған полигон құрылысы тоқтатылды

28 Сәуір 2022, 22:07
2001
Бөлісу:
Маңғыстау облысы: Радиоактивті қалдықтарға арналған полигон құрылысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында прокурорлар радиоактивті қалдықтар полигоны кешенінің заңсыз құрлысының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратурадан хабарланғандай, Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы қаулысына сәйкес, "West Dala" ЖШС-ға Қарақия ауданының жер телімі қорынан өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму, қайта өңдеу кешенін салу үшін жер учаскесі бөлінді.

2021 жылы 2 маусымда аудан әкімдігінің қаулысымен жер учаскесінің нысаналы мақсаты «радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы кешен салу» болып өзгертілді.

Прокуратурада атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай шешімдерді аудан әкімдігі емес, ҚР Үкіметі қабылдайды.

Тиісінше, аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз болып табылады және Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша бұл қаулының күші жойылды.

Өзгелердің жаңалығы