Маңғыстау облысы «Mektep.edu.kz» платформасын 100% пайдаланады

8 Қараша 2020, 19:17
4560
Бөлісу:
Маңғыстау облысы «Mektep.edu.kz» платформасын 100% пайдаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы жазды.

2020 жылға әлеуметтік салаға 136,6 млрд теңге бағытталды, оның ішінде білім беруге – 104,4 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 8,4 млрд теңге бөлінді. Облыс бойынша 312 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 34,4 мың бала қамтылған. Бүгінгі күні 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 66,9% құрайды. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 1064 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылды. 

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы мектептері «Mektep.edu.kz»  ақпараттық платформасын 100% пайдаланады,  сонымен қатар мектептердің 28,74%-ы «OnlineMektep» білім беру платформасын пайдаланады, ал стриминг режимі үшін мектептер «Microsoftteams», «ZOOM» және басқа платформаларды пайдаланады. Бұл платформалар барлық оқушылар мен мұғалімдерге қолжетімді.

Компьютерлер қажеттілігіне мониторинг жүргізілді, осы мақсатта 35 829 бірлік компьютерлік техниканы сатып алуға келісімшарт жасалды. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің теңгеріміне 20 209 бірлік компьютерлік техника берілді, қалған 15620 бірлік компьютер 2020 жылғы 7 қарашаға дейін жеткізілетін болады. 

Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер үшін интернеттің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 14244 роутер сатып алынды, демеушілер 250 роутерді сатып алды, нәтижесінде барлығы интернетпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта облыста апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Облыс бойынша үш ауысымда оқытатын 15 мектеп бар. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу үшін 3 мектеп пайдалануға берілді.

Өзгелердің жаңалығы