Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы ауысты

17 Мамыр 2023, 18:40
1438
Бөлісу:
Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы ауысты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 17 мамырда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын таныстырды. 

Басқарманың жаңа басшысы болып Батырхан Қуанышбеков тағайындалды. Қуанышбеков Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Құқықтану» және «Туризм» мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған. 

2014-2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында инспектор, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы