Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

19 Тамыз 2019, 16:51
1914
Бөлісу:
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Качаков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бақытжан Аманжолұлы 1982 жылы туған. Білімі жоғары. «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ-американдық университетін, сонымен қатар, «Қаржы және экономика» мамандығы бойынша АҚШ-тағы Дикинсон университетін тәмамдаған. Жоғары кәсіби дайындықтан өткен, басшы лауазымдардағы еңбек тәжірибесі жеткілікті.

Еңбек жолын 2003 жылы «Компания Терра Холдинг ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаржы мәселелері жөніндегі директордың орынбасары қызметінен бастаған.

2007-2012 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасында салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, кейіннен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінде сарапшы, бас сарапшы болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің Тұрғын үй құрылыс департаментінің Басқарма бастығы, кейін 2013-2014 жылдары ҚР өңірлік даму министрлігінде басқарма басшысы лауазымын атқарды.

2015-2016 жылдары ҚР ұлттық экономика министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде басқарма басшысы болды.

Соңғы қызметі ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитет төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

Өзгелердің жаңалығы